Елорданың Тәуелсіздік даңғылы бойында көпір салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Алматы мен Есіл аудандарын байланыстыратын көмір салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада 400 мыңнан астам көлік бар. Жол кептелісін тудырмас үшін жолдарды кеңейтіп, қосымша жағдай жасау керек. Қабанбай, Мәңгілік ел көшелері мен қаланың ескі бөлігінде үнемі жол кептелісі болады. Осыған орай екі көпірдің құрылыс жұмыстары басталды, енді Тәуелсіздің даңғылында үшінші көпір құрылысы басталады. Ол Алматы мен Есіл аудандарын байланыстыратын болады. Қабанбай батыр даңғылының жолы сегіз жолақты болады, кей жерлері 6 жолаққа дейін кеңейтіледі. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін бір жыл жеткіліксіз, сол себепті екі жылға созылады», - дейді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, ол Салтанат сарайы, Керуен сити ғимараттары және Тұран даңғылында кептеліс болатынын айтты.

«Қаламызда кәріз жүйесіне қатысты да мәселелер бар. Бауыржан Момышұлы, Иманов-Иманбаев көшелерін су басып қалады. Осындай проблемасы бар учаскелерде жұмыс басталды. Бұдан бөлек су басып қалу қаупі бар 30 жерде жұмыс істеуіміз керек. Қазіргі уақытта жұмыс істеу үшін құжаттарды дайындап жатырмыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар