Елорданың сол жағалауындағы дәмханадан өрт шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың сол жағалауында орналасқан «Избушка» дәмханасынан өрт шықты.

«5 наурызда сағат 11:48 Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ бөлімшелері Достық 1 мекен-жайында орналасқан «Избушка» дәмханасына шақырту бойынша шықты», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруге бөлімшенің жеке құрамынан 13 адам және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Олар мекен-жайға келген бетте дәмхананың ас үй бөлмесінің жанып жатқанын анықтаған.

«Өрт орнында қою түтін болған және қазіргі кезде өрт сөндірушілер өртті оқшаулау жұмыстарын жүргізуде. Өрт 12 сағат 10 минутта ауыздықталды», - дейді хабарламасында Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар