Елорданың шеткері аймақтары қалай дамып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың шеткі аймақтарының абаттандырылуы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Бүгін қаланың шеткері аймақтарына бардым. Қалада барлығы 280 мың адам тұратын 16 елді мекен бар. Бұл - елорда халқының төрттен бірі. Әрбір елді мекен бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. Мысалы, былтыр елді мекендерде 100-ден астам көше асфальтталды, 40-тан астам қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) және аулалар абаттандырылды. Бірқатар әлеуметтік нысан, соның ішінде мектеп пен «үй маңындағы дәрігер« нысандары және т. б. салынды», - деді Алтай Көлгінов.

Әкімнің 13,5 шақырым инженерлік желі, 5 шақырымнан астам кәріз және су құбыры, 3 шақырымнан астам нөсер кәрізі салынған.

«Бұл жұмыстың барлығын жүйелі түрде жүргіземіз. Елді мекендерді аралау барысында тұрғындармен осы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Әрбір елді мекенге барып, іс-шаралар жоспарына тұрғындардың қажеттілігін енгіземіз.

Бүгін сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысының барысымен таныстым. Егде жастағы адамдарға арналған клубтар, ХҚКО, полиция пункттері, пошта бөлімшелері орналасатын спорт мекемелері төрт елді мекенде пайда болады. Тұрғындар спорт кешендеріне тегін бара алады», - деді әкім.


Сонымен қатар, елордада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы жылыту маусымында бірқатар елді мекен газға қосылды.

Көктал-1 елді мекенінде жүргізіліп жатқан газ тарату желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Әкімнің айтуынша жұмыстардың 90%-дан астамы орындалған.


«Бұған дейін Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашықтың (бір бөлігі) елді мекендерінің тұрғындары газға қосылды. Сондай-ақ, 1-ЖЭО және 2-ЖЭО бірқатар су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды. 2021 жылдың соңына дейін Оңтүстік-Шығыс (оң және сол жағы), Өндіріс, Көктал-1, Агроқалашық елді мекендері газбен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, « ҚазТрансГаз Аймақ « АҚ Күйгенжар, Интернациональный, Мичурино елді мекендерінде осы жылдың соңына дейін газ өткізуді жоспарлап отыр.

Газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады. Газдандыру қаланың экологиясын жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деді елорда әкімі.



Соңғы жаңалықтар