Елорданың санитарлық дәрігері мереке қарсаңында тұрғындарға үндеу жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мереке қарсаңында елорда тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мереке күндері қарсаңында қала тұрғындары мен елорда қонақтарынан шектеу және карантин шараларын сақтауды тағы да өтініп сұрағым келеді: маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар, мүмкіндігінше көпшілік жиналатын орындарға бармаңыздар және халық жаппай жиналатын іс-шаралар ұйымдастырмаңыздар», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 инфекция жағдайы тіркеледі, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде.

Қалада көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар 24,8% құрайды. 50 жастан асқан адамдар – 23,5 % болса, балалардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлесі – 14,9% құрайды.



Соңғы жаңалықтар