Елорданың Республика даңғылы сауда нүктелері шоғырланған серуен көшесі болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары аясында Республика даңғылын экономиканың шоғырланған орны ретінде абаттандыру жоспарланып отыр, хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жоспар өзгерістер мен жылдам нәтижелерге бағытталған.

«Бүгінгі күні барлық континентте нарықтық сауда және жеңіл өнеркәсіп көшелерде дамып келеді. Нью-Йорктегі Бродвей көшесі, Лондондағы Оксфорд және көптеген басқа әлемдік қалалар сияқты көшедегі экономиканы қолдайтын керемет мысалдар бар. 2006 жылдан бастап АҚШ-та бір де бір жаңа сауда орталығы тіркелген жоқ. Олар сауда мен кәсіпкерліктің көшеде дамуы керек екеніне сенімді» деп мәлім етті қалалық урбанистика орталығы.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, бұл тәсіл халықты жаяу жүруге, сол арқылы белсенді және сау болуға итермелейді.

«Бұл - бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі оңалту шарасы. Біз өз кезегімізде сапалы қызметтер мен тауарлар ұсынылатын қаладағы кәсіпкерлік көшелерді дамытуымыз керек. Көшеде серуендеу үшін жағдай жасауымыз қажет. Көшелерді жаңа заман талаптарына бейімдеп, белсенділікті қалыптастыру маңызды» делінген хабарламада.

Бұл нәтижелер экономиканың өсуіне түрткі болады және жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін жағдай жасайды, халықтың кірісін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, экономиканың өсуіне және әлеуметтік әсер етуге қызмет етеді.




Соңғы жаңалықтар