Елорданың Орталық алаңындағы мұз айдыны ашылды

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың Орталық алаңындағы мұз айдыны ашылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат  қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жсап.

Мұз айдынының аумағы 1800 шаршы метрді құрайды және 600 адамдық арнайы орын бар. Оған тақау жерде 2 жалға коньки беретін, 2 тамақтану орны, тәртіпті қадағалайтын және медициналық көмек көрсететін әкімшілік бекет жұмыс істейді. Сонымен қатар алаңда үлкен телеэкран орнатылған.

Жалпы ағымдағы  жылы Астанада 4 мұз айдыны іске қосылады. Осыған орай қазіргі уақытта «Астана көгалдандыруқұрылыс» мекемесі «Думан» ойын-сауық орталығы жанында, Ақбұлақ өзенінде және «Жерұйық» саябағында дайындық жұмыстарын жүргізуде.

 «Думан» ойын-сауық орталығы жанында аумағы 3,5 мың шаршы метрді құрайтын алаңның мұзы қатырылып, 3 жалға коньки беру нүктесі орнатылды. Бұл жерде де тамақтану орны бар. Сонымен қатар мұз айдынының орталығындағы 4 экран жөнделіп, олардың қасынан балалар мен ересектер үшін сырғанауға арналған төбешік жасалды.

 «Жерұйық» саябағында аумағы 2,3 мың шаршы метрлік мұз алаңы жұмыс істейтін болады. Бұл жерде де 2 жалға коньки беру нүктесі мен тамақтану орны бар.

Ал елордадағы ең үлкен мұз айдыны Ақбұлақ өзенінің үстінде болады, оның жалпы аумағы 9000 шаршы метрді құрамақ. 6 жалға коньки беру нүктесі мен 2 тамақтану орны келушілерге қызмет көрсетеді.

 Жоғарыда аталған 3 мұз алаңында да әкімшілік бекеттер жұмыс істейтін болады. Мұз айдынындағы жұмыстар келесі аптаның ішінде толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар