Елорданың өнер адамдары қайырымдылық жасауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың еріктілері мен өнер адамдары қалада карантин жариялануына байланысты тегін маска пен азық-түлік таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусты індет деп жариялауына орай Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары карантинге жабылды. Осыған қарай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұймдастыруымен волонтерлерден және белгілі өнер адамдарынан құрылған топ қаламызда тұратын қарт адамдар, көпбалалы аналар мен жалғыз басты адамдарға көмек көрсету мақсатында тегін маска, азық-түлік таратуда», - делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Ведомство мәліметінше, елорданың мәдениет басқармасына қарасты өнер адамдарының ішінен бұл шараға «Жастар театры» директоры, әнші Ернар Жұматаев, белгілі кино және театр актері Әділ Ахметов, Мемлекеттік академиялық филармония директорының орынбасары, актер Олжас Сыдықбек қатысуда.


Соңғы жаңалықтар