Елорданың экологиясына әсер ететін негізгі факторлар аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев астананың экологиясына әсер ететін негізгі факторларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атмосфераның ластану индексін қадағалап отырамыз. 2018 жылдың қорытындысына сәйкес елордада ол индекс 4,95 бірлік болса, 2019 жылы 4,98 бірлікті көрсетті. Жалпы экологиялық ахуал қаламызда тұрақты. 2020 жылдың бірінші тоқсанында осы көрсеткіш сақталады. Дегенмен Экология департаментінің болжамына сәйкес ол көрсеткіш күрт төмендеуі мүмкін. Өйткені төтенше жағдай мен карантинге байланысты автокөліктер қозғалысы күрт азайғанын білесіздер. Сондықтан атмосфераға шығатын ластанушы заттардың бәрі де төмендеді. Екінші тоқсанда да тағы төмендейтіні күтіліп отыр», - деді «ASTANA TV» телеарнасында Elorda live-та берген сұхбатында.

Оның айтуынша Нұр-Сұлтанның экологиясына әсер ететін негізгі үш фактор бар.

«Біріншісі – автокөліктердің санының өсуі. Қалада 350 мыңнан астам көлік тіркелген. Күннен күнге бұл сан артып та келеді. Екіншісі – ЖЭО-1 және ЖЭО-2 бар. Қаламыз жылдан жылға өсіп келе жатыр. Салынып жатқан үйлер көп. Олардың бәрін де жылумен, электр қуатымен қамту керек. Сондықтан осы орталықтардың отын жағу қуатының артуына байланысты атмосфераға шығарындылары да көп болады. Үшінші мәселе – қалада 380-нен астам стационарлық қазандық орнатылған. Олардың саны да артып келеді. Егер осы үш фактордың мәселесін шешер болсақ қаламыздағы экологиялық жағдайды едәуір жақсартуға болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар