Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күніне орай және «Игі істер марафоны» аясында елордалық Достық үйінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен мерекелік іс-шара өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осымен оныншы жыл өткізіліп келе жатқан іс-шара биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара қоғам назарын зағип жандардың проблемаларына аударуға бағытталған. Жиналған әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ерғали Бұхаров құттықтады.

Қайырымдылық акциясы барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, гүлдер мен 50 естелік сыйлық табыс етті. Оның әрқайсысында жеке гигиена құралдары мен тәттілер бар.

Елордалық түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев жиналғандарға тілектерін айтып, бастаманы үнемі қолдап келе жатқан Қазақ зағиптар қоғамына алғыс білдірді.


Соңғы жаңалықтар