Елорданың әлеуметтік қызметкерлеріне МӘМС пен АӘК-тің жаңа форматы түсіндірілді
«Шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, қалалық білім беру мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлері қатысты. Жиын барысында халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды мәселелері, сондай-ақ АӘК тағайындаудың жаңа тәсілдері мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмек көрсету жайлы ақпарат берілді», - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінен.
Еске салсақ, ағымдағы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша реформа басталды. Негізгі міндет – еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, тұрақты жалақы төлеу және оларды өмірдің қиын жағдайынан шығару. Сондай-ақ, осы жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі де іске қосылды. МӘМС жүйесіне тіркелмеген ел азаматтары ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін сақтандыру жүйесіне тіркелу қажеттігін айта кеткен жөн.