Елорданың 2023 жылға дейінгі бюджеті нақтыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың 2023 жылға дейінгі бюджетіне нақтылау енгізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті бюджетті бұл жолғы нақтылау Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындаған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп отыр. Жүргізілген сараптама меншікті кірістердің іс жүзіндегі түсімінде жоспарларды 22,2 млрд теңгеге арттырып, 327 226 млн теңгеге жеткізуге мүмкіндік бар екендігін анықтады. Оның ішінде салықтық түсімдерді 18,5 млрд теңгеге ұлғайтып, 301 376 млн теңгеге арттыру жоспарланып отыр», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс 76-шы сессиясында.

Сонымен қатар ол шығыстары 2,8 млрд теңгеге оңтайландырылғанын да атап өтті.

«Кірістер есебінен қалалық бюджеттік шығыс бөлігі жасақталды. Ол негізінен қала тұрғындарына әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау салаларының сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржы қаражаттарын осы басым бағыттарға жұмсауды көздейді», - деді Қайсар Маңқараев.


Соңғы жаңалықтар