Елорданы газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта 300 шақырым ішкі газ тарату желілері төселді және техникалық шарттар беру, жеке секторды газға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл экологиямен, адамдардың өмірі және денсаулығымен байланысты мәселе. Сонымен қатар ол сіздермен бірге жұмыс істейтін жүйелі мәселе саналады», - деді деді Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының отырысында.

Сонымен қатар қала басшысы 2020 жылдың ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталып өтті.

«2020 жыл пандемия, карантиндік шектеулер сынды қиындықтарға толы болғанымен сіздермен жақсы жұмыс істедік. Алдымызға қойылған міндеттерді орындадық», - деді елорда әкімі.


Соңғы жаңалықтар