Елордалықтар спорт күнін велосипедпен қарсы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат – Спорт күнінің құрметіне елордалық тұрғындар 14 шақырымды велосипедпен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырған дәстүрлі веложарысқа 1 мыңнан астам әуесқой қатысты. Олардың арасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, белгілі қоғам қайраткерлері, велоспорттың кәсіпқойлары да болды.


Қабанбай батыр даңғылынан жолға шыққан велошабандоздар Ұлы Дала көшесіне өтіп, әрі қарай Тұран даңғылын бойлай келіп, Орталық саябақта мәреге жетті.

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысушыларды құттықтап, спорт мәдениеті халық арасында жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі веложарыс жастарды спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізді жеп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін», - деді Бақтияр Мәкен.

Мәреге жетіп, тіркеуден өткендер арасында ұтыс ойнатылып, жүлдеге велосипедтер мен естелік сыйлықтар тігілді.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар