Елордалық такси компанияларына 10 млн теңгеден астам айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының такси тасымалдаушылары бәсекеге қарсы келісімі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2019 жылғы желтоқсандағы қаулысымен такси тасымалдаушылары ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 159-бабы 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыптыларға жалпы сомасы 10 735 498 теңге болатын айыппұл салынды. Сондай-ақ, 13 033 375 теңге көлемінде монополиялық табысы тәркіленіп, әкімшілік жазаға тартылды» делінген хабарламада.

Комитет таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін «Taxi Zhebe» ЖШС, «Vector Ast, Partners» ЖШС, «Арна-Медиа» ЖШС, «Astana Taxi Drivers» ЖШС, «Аруна Транс» ЖШС, «Compass Energy» ЖШС, «ҚР «Кенгуру» Жолаушы тасымалдау» ЖШС, «Taxi ALTYN» ЖШС, «SB Group Astana» ЖШС, «King Way» ЖШС қатысты бағаны белгілеу немесе ұстап тұру бойынша бәсекелестікке қарсы келісім белгілерін анықтау үшін тергеп-тексеру жүргізілген.


Соңғы жаңалықтар