Елордалық сыныптасының ақшасын ұрлап алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 жастағы елорда тұрғыны 280 мың теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арызданушы жігіт өзінің сыныптас қызымен бірге 2 күн бойы ішімдік ішкенін айтқан. Жігіт ес-түсіз қалған кезде сыныптасы оның смартфонын алып, Kaspi қосымшасы арқылы 280 мың тегені өз шотына аударып алған.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, келтірген материалдық шығынын өтеді. Енді оның астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарды сақ болуға және құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді», - деп жазылған департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.


Соңғы жаңалықтар