Елордалық полицейлер ХҚО айналасын қоршауға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада полиция қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын қоршауға алып, барлық келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, оған ғимаратта табылған иесіз сөмке себеп болған.

«Сағат 12.10-да ХҚО ғимараты қауіпсіздік қызметінің өкілі қырағылық танытып, иесіз сөмке жатқанын хабарлаған. Нұсқаулық бойынша, полицейлер антитеррористік қауіпсіздік мақсатында ғимарат аумағын қоршауға алып, келушілер мен ХҚО қызметкерлерін эвакуациялады», - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Сөмкеден қандай да бір тыйым салынған зат табылмады.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, қазір мекеме штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Фото: astravolga.ru

Соңғы жаңалықтар