+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елордалық полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқарды

2021 жылғы 21 маусым 17:20
Бөлісіңіз:
Елордалық полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 35 жастағы әйел Ескекшілер каналын жүзіп өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыптылар суға батып кетті СҚО-да шекарашы суға кеткен 2 жасар сәбиді аман алып қалды Атырауда 47 жастағы ер адам Жайыққа батып кетті

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 11.25-те «102» арнасына Еске есу каналында суға адам батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Шақыртуға жедел түрде аға лейтенанттар Айдос Ағабеков пен Нұрсұлтан Сейдалиев жіберілді. Оқиға орнына жеткен полицейлер өзен ортасынан әйелді көрген. Айдос Ағабеков киімін шешіп, суға секірді. Аға лейтенант қас қағым сәтте әйелдің жанына жетті. Әбден әлсіреген әйел қарману кезінде полиция өкілінің жағаға шығуына кедергі келтірген. Жағадағы сақшы әріптесіне үрленген шеңбер лақтырып, екеуін жағаға шығарды», - деп жазылған департаменттің ақпаратында.

35 жастағы әйел ескек есушілерге арналған каналды жүзіп өтпек болған. Арнаның ортасына жеткенде әлсіреп қалған.

«Әйелге жүзіп жеткен кезде, қорқыныштан денесі сіресіп, кедергі келтірді. Мен өзім де батпай, оны да аман алып шығуа тырыстым», - дейді аға летенант Айдос Ағабеков.

Әйелге медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне қауіп жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT