Елордалық медицина мекемелері коронавирусқа күдігі бар науқастарды қабылдауға әзір

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық медициналық мекемелер коронавирус жұқты деген күдік бар науқастарды қабылдауға әзір, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының фтизиопульмонология орталығының базасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, коронавирус инфекцияын жұқтырған науқастарды жатқызу үшін 150 төсек қосымша инфекциялық бөлімше орналастырылды.

Қоғамдық денсаулық басқармасы коронавирус инфекциясы бойынша алдын-алу іс-шараларды қолға алды. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген 10 бірлік резервтік жедел жәрдем көлігі жасақталды. Коронавируспен ауыратын науқастарды тасымалдауға және шақыру қызметіне қатысатын медицина қызметкерлерінің тізімі жасалды.

Нақты жол бағыттары анықталып, науқастарды тасымалдау үшін әсіресе аэропорт, темір жол вокзалдарының жолдары қардан тазартылып жатыр. Сонымен қатар қалалық емханадан дәрігерлер, ОМҚ, жүргізушілерден туратын 12 бригада құрылып, қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілді. Барлық емханаларда фильтр кабинеттерінің жұмысы күшейтілді. Осы кезге дейінгі ҚХР-дан оралған азаматтардың тізімі РЭДСО-мен ЖРВИ симптомдарын анықтау телефон соғу арқылы өнделуде.



Соңғы жаңалықтар