Елордалық кәсіпкер зауыт салуға жерді жалға алып, сатып жіберген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық кәсіпкер зауыт салу үшін жалға жер алып, оны сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Н.» ЖШС директоры елордаға жақын маңда зауыт салу үшін 5 жыл мерзімге 1,5 гектарлық жерді пайдалануға алған. Осыдан кейін сотталушы жалға алған жердің мақсатты түрде пайдалануы керектігін біле тұра, Olx.kz сайтына 2 млн теңгеге 10 сотық жер сататынын жазып, хабарландыру берген», - деп мәлем етті Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Осылайша, бөлінуге жатпайтын жер учаскесінде тұрғын үй салуға болмайтынын біле тұра, екі азаматпен сату-сатып алу туралы алдын ала келісімшарт жасасып, олардың ақшасына ие болған. Материалдық шығын 7 200 000 теңге болғаны хабарланып отыр.

«Алматы аудандық №2 сотыны үкімімен «Н.» ЖШС директоры алаяқтығы үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, ол материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды иелену құқығынан 5 жыл мерзімге шектелді. Азаматтық арыз қанағаттандырылып, сотталушыдан 7 200 000 теңге өндіріліп алынды. Үкім заңды күшіне енді», - деді қалалық соттан.

Соңғы жаңалықтар