Елордалық газ сатушылардың өзара келісіп баға белгілеу фактісі тіркелді – департамент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада газ сатушылардың өзара келісіп, баға белгілеу фактісі тіркелген. Осыған байланысты ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тиісті шара қабылдағалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада бірқатар дистрибьютор баллон және автокөлік газын ұзақ уақыт бойы бірдей бағамен сатып келген. Бұл әрекет нарық субъектілерінің ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 170-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына (бағаларды белгілеу және (немесе) ұстап тұру бойынша бәсекеге қарсы келісілген әрекет) қайшы келеді. Осыған байланысты ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аталған субъектілерге заңнама тәртібін бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында хабарлама жіберді», - делінген департаменттің хабарламасында.

Хабарламалар нарық субъектілерінің қарау сатысында тұр. Газға негізделген бәсекеге қабілетті бөлшектік сауда бағасы 30 күн ішінде белгіленуі керек. Оны ескермеген жағдайда департамент тергеп-тексеру жұмысын жүргізеді.


Соңғы жаңалықтар