Елордалық бойжеткен ата-анасына өзін ұрлады деген жалған смс-хат жіберген

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қаңтардың 11-інде Астана қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына 1949 жылы туылған Ақмола облысының тұрғыны белгісіз біреулердің елордада қызмет атқаратын 1983 жылы туылған қызын ұрлап кеткендігі жайында шағым түсірген.

Сонымен қатар шағымданушы қызын ұрлаған белгісіз азаматтың сес көрсетіп, телефон арқылы смс-хаттар жібергендігін айтқан.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «ВВС» қонақ үйі кешенінен 1969 жылы туылған Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғынын қолға түсірді. Оқиға желісін тексеру барысында қорқыту мәтіндерімен жазылған смс-хаттардың бәрін жәбірленуші қыздың өзі жазғандығы анықталып отыр. Ал ұрлыққа қатысы бар деген азамат бұл жайттардан бейхабар болып шықты. Қазір бұл факт бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде», дейді аталған ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат бастығы Нұрділдә Ораз.

Соңғы жаңалықтар