Елордалық 40 келі марихуанамен ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру кезінде 37 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде салмағы 40 келі марихуана табылды. Ол жүкті гараждағы автокөлігіне жасырған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бұл 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Ақбаровтың айтуынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 170 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленген.


Соңғы жаңалықтар