+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Елордаға қазақстандықтар ПТР-анықтамасыз қандай елдерден жиі ұшып келеді

2020 жылғы 3 желтоқсан 12:31
Бөлісіңіз:
Елордаға қазақстандықтар ПТР-анықтамасыз қандай елдерден жиі ұшып келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордаға шет мемлекеттерден Шарм-эль-Шейх пен Миниск қаласынан қазақстандықтар жиі ПТР анықтамасыз ұшып келеді. Бұл туралы елордадағы №3 қалалық көпбейінді аурухананың директоры Жұлдыз Данбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ауруханада инфекциялық стационар жоқ. Коронавирус індеті жағдайлары жиілеп кеткен жағдайда екінші және үшінші кезеңде тұрмыз. Елордада арнайы карантиндік стационар жасақталып, 6 қазаннан бері халықаралық әуе рейстерімен ПТР анықтамасыз ұшып келетін жолаушылар сонда жатқызылады. Қазіргі уақытта аталған стационарда анықтамасыз келген 40 адам жатыр. Олар түнде үш рейспен ұшып келген болатын», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

Сонымен қатар аурухана директоры қай елдерден ұшып келетін жолаушылардан жиі коронавирус анықталатындығын да айтып берді.

«Шарм-эль-Шейх пен Миниск қалаларынан анықтамасыз ұшып келетін жолаушылар өте көп. 6 қазаннан бастап осы уақытқа дейін әуе көлігімен ұшып келген 18 жолаушыдан коронавирус инфекцияның оң нәтижесі анықталған болатын. Алғашқы жайдайлар Мәскеу, Миниск, Ыстанбұл, Шарм-эль-Шейх қалаларынан Нұр-Сұлтанға келген жолаушылардан анықталды. Дубайдан ұшып келген бір адамданан да коронавирус шықты», - деді Жұлдыз Данбаева.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына байланысты карантин стацонары ретінде елордадағы бұрынғы «Рамада плаза» қонақ үйі жұмыс істеп тұр. Ол жерде 500 төсек-орынға арналған карантиндік стационар құрылған. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, оған шетелден әуе рейсімен ұшып келгенімен қолында ПТР тестінің нәтижелері жоқ жолаушылар жеткізіледі.

«Егер адамнан инфекция анықталмаса, онда біз оны үйіне жібереміз. Оларды тек 2 тәулік қана ұстаймыз. Дегенмен, әдетте ұшақпен келген жолаушылар бізде тәулікке жетпейтін уақыт ішінде ғана болады. Себебі сараптамаларды жылдам жасаймыз. Науқаста коронавирустың симптомсыз формасы болса, онда үй карантиніне жібереміз. Онымен байланыста болған адамдар да вирус белгілері байқалмаса үйден емделуге жіберіледі. Ал коронавирус белгілері бар адамдарды 40-шы стансада орналасқан қалалық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырамыз», - деп түсіндіреді ол.

Айта кетерлігі, Қазақстанда өткен тәулікте 769 адам коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Індетке шалдығу көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарында жоғары. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 133 887 адам, оның 118 004-і емделіп шықты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 827 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 904 бала бар. Стационарларда 3 541 науқас жатыр. 10 286 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 218 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT