Елордадан төтенше жағдай режимі қашан алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада төтенше жағдай режимі 15 сәуірге дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай режимін алып тастауға қатысты шешімді әкім қабылдайды. Меніңше, коронавирусқа қатысты жағдайды ескере отырып, ол 15 сәуірге дейін жалғасады. Сондықтан осы мерзімге дейін Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимі болуы мүмкін», - деді Юрий Ильин.

Оның атап өтуінше, елордамен қатар қала төңірегіндегі елді мекен әкімдіктері қарды сыртқа шығару жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Жалпы ел бойынша 17 млн тоннадан астам қар елді мекендер аумағынан тысқары шығарылған.


Соңғы жаңалықтар