Елордадан 24 мың текше метр қар шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен түнде елордада 24 мың текше метр қар қала сыртына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, коммуналдық қызметтер қала көшелерін тазартуды жалғастыруда.

Ақпанның 26-нан 27-не қараған түні қала көшелері мен аулаларды қардан тазарту жұмысына 1 344 техника мен 1 000 жұмысшы жұмылдырылып, 24 094 текше метр қар шығарылған (2008 рейс).

27 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 446 техника бірлігі мен 1 605 жол жұмысшылары тартылды.

Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 4 841 525 текше метр қар шығарылды (403 455 рейс).

Айта кетерлігі, қалада кеше жауған жауыннан соң көктайғақ болды. Қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр.



Соңғы жаңалықтар