Елордадағы Жастар сарайы бір жылға күрделі жөндеуге жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 наурыздан бастап «Жастар» сарайында күрделі жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат сарай сайтына сілтеме жасап.

Әкімшіліктің мәліметінше, сарай 2020 жылдың 1 наурызынан 2021 жылдың 1 наурызына дейін жөндеуге жабылады.

Мәдени-демалыс қызмет бөлімі Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда жұмысын жалғастырады.

Іс-шаралар туралы ақпарат zhastarastana.kz сайтында және (ВКонтакте, Instagram, Facebook) сарайдың әлеуметтік желілерінде бар.


Соңғы жаңалықтар