+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Елордадағы заңсыз шеру: Жасөспірімдер ұсталған жоқ

2019 жылғы 22 қыркүйек 16:36
Бөлісіңіз:
Елордадағы заңсыз шеру: Жасөспірімдер ұсталған жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың полиция департаменті қаланың Республика даңғылығында өткен заңсыз шеру барысында кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің ұсталмағандығын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан кәмелеттік жасқа толмаған қыздың ұсталуы туралы видеоға қатысты азаматша А-ның 2000 жылы дүниеге келгендігін хабарлаймыз. Полиция қызметкерлерінің заңсыз шеруге қатысуын доғару талабына қарамастан азаматша А. әрекетін жалғастырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерін итеріп, қарсы әрекет жасауға (видеосы бар) итермеледі», - деп атап өтеді ведомстводан.

Департамент мәліметінше, осыдан кейін азаматша А өзге де құқық бұзушылармен бірге ұсталған.

«Ұсталған кезде жеке басын куәландыратын құжаты болған жоқ. Дегенмен, анасы келіп жүгінгеннен кейін азаматша босатылып, анасына табысталды», - делінген таратылған ақпаратта.Еске салсақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз ұйымдастырылған митингке шыққандар болып, 57 адамның ұсталғаны туралы хабарладық.

Бұған дейін Бас прокуратура 21 қыркүйекте болатын шеруге қатысты халыққа бірнеше мәрте үндеу тастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT