Елордадағы Украина Елшілігінде аталған мемлекеттегі Президент сайлауының 2 кезеңіне өткен кандидаттарға дауыс беру өтті

None
None
парат /Марлан Жиембай/ - Жексенбі күні елордадағы Украина Елшілігінде аталған мемлекеттегі Президент сайлауының 2 кезеңіне өткен кандидаттарға дауыс беру өтті.

Елорданың аязды күніне қарамастан Астанадағы № 38-ші сайлау учаскесіне Украинаның саяси белсенді азаматтары келді.
Қазақстандағы украиндықтардың сайлауға қатысуы үшін Астана және Алматы қалаларында сайлау учаскелері ашылғанын, сонымен қатар әлемнің 76 елінде де сайлау учаскелері жұмыс істейтінін атап өткен № 38-ші учаскенің төрайымы Валентина Гайдукевичтің сөзіне қарағанда, сайлау басталған бір жарым сағаттың ішінде 27 адам келіп дауыс берген. «Негізінен олар елорда тұрғындары, сонымен қатар екі азамат Өскемен және Петропавл қалаларынан келіп дауыс берді», деді ол.

Шетелдік учаске төрайымының айтуынша, ақпанның 7-і күні сағат 17:00-ге дейін 80 адам келіп, өз дауыстарын берген. Ал сайлаудың алғашы кезеңінде 87 азамат дауыс берген болатын. Сонымен қатар Қазақстанға іссапармен келген 34 адам дауыс беру тізіміне енгізілген.

«Қазақстанның солтүстігінде, атап айтқанда Қарағанды (140), Астана (87) және Қостанай (60) қалаларында Украина азаматтары көп тұрады. Алайда бүгінгі ауа температурасының тым төмен болуы салдарынан, ол адамдар келе алмады», дейді Валентина Гайдукевич.

Оның айтуына қарағанда, шетелдік сайлау учаскелеріне келіп, дауыс берген украиндықтар саны 6,15 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар