Елордадағы Конгресс-Холл сарайында ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылық кеші өтуде

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы Конгресс-Холл сарайында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құттықтау сөзін сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов «Фариза Оңғарсынқызы еліміз тәуелсіздіктің туын көтеріп, мемлекет болған тұста тек әдеби шығармашылығымен ғана емес жас мемлекеттің құндылықтарын қалыптастырып, оның тұрақты қуат алуына белсене араласты. Бірнеше рет Парламентке депутат болып сайланып,  еліміздің өркениет талаптарына сай заңдық, құқықтық кеңістік қалыптастыруына жанашырлықпен, біліктілікпен, ұлтжандылықпен үлес қоса алды.  Депутат ретінде балалар құқы, білім, мәдениет, денсаулық сақтау жүйесін реформалау,  елдегі демографиялық ахуал, шет елдегі отандастардың оралуы жөніндегі заңдардың қабылдануына  бастамашы болды», деді.

Мәдени шараға ҚР Парламентінің бір топ депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі және өнер қайраткерлері қатысуда.

Кеш  барысында ақынның өлеңдерімен қатар оның достары мен әріптестерінің жырлары оқылады. Сондай-ақ шығармашылық кеш аясында Сүлеймен Ибрагимов, Сембек Жұмағалиев, Тамара Асар, Кенжеғали Мыржықбаев, Елена Әбдіхалықова сынды белгілі қазақстандық орындаушылар өнер көрсетеді.

Фариза Оңғарсынованың поэзиясында адами қарым-қатынастар мен махаббатқа адалдық, ұлы достық пен даналық ойлар қамтылған. Ақынның жырларынан қазіргі заманның шынайы бет-бейнесін көру де қиын емес. Оның өмірбаяны да өз өлеңдерімен өрнектеліп, шығармашылығы - қазіргі қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алды.

Мәжіліс депутаты болған Фариза Оңғарсынованың қоғамда үлкен қайраткерлік орны бар. Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін ол «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталып, жоғары дәрежелі «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметке ие болды.

Соңғы жаңалықтар