Елордадағы қонақ үйдің бірі аурухана болады – Бақтияр Мәкен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «С» жоспары бола қалған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ramada Plaza қонақ үйін ауруханаға айналдырамыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«С» жоспары төтенше жағдай коменданттық сағатқа ауысқан кезде, аталған вирус жаппай таралған кезде жүзеге асады. Екіншіден, мұндай жағдайда біз карантин үшін төсек-орынмен барынша көп қамтамасыз етуіміз керек», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахқияр Мәкен.

Ол «С» жоспары орын алған жағдайда елордадағы Ramada Plaza қонақ үйі коронавирус жұқтырған адамдар үшін ауруханаға қажетті құрылғылармен жабдықталады.

«Бүгін әкімдікте науқастар жататын қосымша төсек-орынмен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Қазіргі уақытта Ramada Plaza қонақ үйін науқастарды қабылдап, карантин режімін сақтау үшін дайындап жатырмыз. Нысан жақын арада дайын болады. Басқа да нысандар «С» жоспары аясында жүзеге асатын жұмыстарға дайын. Олармен де келіссөздер жүргізіліп жатыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар