Елордадағы кәсіпқой бокс кеші: Қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде айқасатын жұптар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Шоудың басты оқиғасы екінші орта салмақтағы WBC Asia, WBO Global және WBA International чемпионы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) мен ганалық Исса Самирдің (19-0, 16 КО) жекпе-жегі болмақ. Сондай-ақ әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов профидегі екінші айқасын өткізеді.

BoxRec.com ақпараты бойынша, кеш жанкүйерлері, сондай-ақ өзге 4 қазақстандықтың жекпе-жектерін тамашалай алады:

Бек Нұрмаганбет (2-0, 1 КО) — Эммануэль Дансо (Гана, 32-5, 26 КО);

Евгений Павлов (2-0, 2 КО) — Али Лорель (Филиппины, 18-4-1, 11 КО);

Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1 КО) — Кабиру Товолави (Нигерия, 13-2, 10 КО);

Данила Семенов (1-0, 1 КО) — Абрахам Табул (Гана, 17-4-1, 13 КО).

Шоу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:30-да басталып, «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бокс кеші барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, көрерменсіз өткізіледі.

«SuleimenPromotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын кеш туралы ҚазАқпарат кеше хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар