Елордадағы Гуманитарлық колледж жекешеге беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мемлекеттік-жекешелік әріптестікке сенімгерлік басқаруға беріледі, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының сайтына сілтеме жасап.

«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ атынан «Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға беру» жоба бойынша 2018 жылының 29 тамызында жекешелік әріптес таңдау бойынша конкурс жариялады», делінген хабарламада.

Конкурсқа Гуманитарлық колледждің жер телімі мен сонда орналасқан оқу корпусы мен жатақханасы және құрылысы жоспарланған 1 мың орынға шақталған жаңа оқу корпусы екі мүлік нысаны ретінде белгіленген.

Құжаттар 18 қыркүйекке дейін қабылданады. Конкурсқа қатысты қосымша ақпараттарды «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС-нан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар