Елордадағы Ботаникалық бақта тұрғын үй кешені салынбайды – әкімдік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ботаникалық бақтың аумағында тұрғын үй кешені салынбайды. Бұл туралы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімікке сілтеме жасап.

«Ботаникалық бақтың аумағында ешқандай құрылыс болмайды. Бұл жер баққа тиесілі болғандықтан, ондай жоспар да жоқ.

Бақпен шектесетін көлемі 14,3 га жер телімі 31.05.2013 күнгі № 197-897 қаулыға сәйкес, мемлекет қажеті үшін алынған. Оның иесімен жерді босатып беру туралы мәміле жасалды.

Айтылған жер телімі жекеменшікке беріле сала ол туралы мәліметтер жер кадастры жүйесінен алып тасталады. Тағы да қайталаймын: ботаникалық бақта құрылыс жүргізу туралы ешқандай әңгіме жүріп жатқан жоқ», – деді Нұрлан Уранхаев.


Соңғы жаңалықтар