Елордадағы балалар үйінде қайырымдылық концерті өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар үйінде (отбасын қолдау орталығы) қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар үйі ұжымы алдында ҚР Президент оркестрінің әншісі Асылхан Шалқаров өнер көрсетіп, тыңдармандарға мерекелік көңіл - күй сыйлады.

Балдырғандар Асылханмен бірге өздерінің сүйікті әндерін айтты.

Қайырымдылық концерті аясында министрлік өкілдері балалар үйінің хоккей командасына (20 адам) арнайы сыйлықтар: хоккей таяғы мен пүліштен жасалған әралуан ойыншықтар табыстады.



Соңғы жаңалықтар