Елордадағы ашық аумақта құрылыс материалдары өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Жиенқұлов көшесіндегі құрылыс материалдары өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Осыдан жарты сағат бұрын әлеуметтік желіде елорданың аспанына көк түтіннің көтерілген фотосуреті тарап кеткен болатын.

«Бүгін сағат 10.38 уақытында Өрт сөндіру қызметіне Жиенқұлов көшесі 12/2 мекенжайында өрттің шыққаны туралы хабарлама түсті. 6 минуттан кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ашық аумақта құрылыс материалдары (поддондар мен пеноплекстар) өртеніп жатқанын анықтады. Жалын жалпы аумағы 100 шаршы метр жерді шарпыған», - деп хабарлайды департаменттен.

Сонымен қатар құрылыс материалдары толы 40 тонналық контейнерге де зақым келген. Сағат 11.01-де өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер немесе жарақат алғандар жоқ.


Соңғы жаңалықтар