Елордадағы ӘЧ: Бүгін еркін күрес шеберлері бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында бүгін еркін күрес балуандары жарыс жолына шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтар болсақ, бүгін ерлер арасындағы еркін күрестен 57 және 65 келі салмақ дәрежелеріндегі іріктеу айналымы басталады.

Сондай-ақ, бүгін әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақтағы финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі өтеді.

Күрес түрлерінен Әлем чемпионатының 19 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

- 11.00-16.00 – әйелдер күресінен 62, 68 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

- еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

- 11.00 – 16.00 - әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

- 16.45-17.45 - әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер;

- 18.00-21.00 - әйелдер күресінен 57, 59, 65, 76 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі.


Соңғы жаңалықтар