Елордадағы Abu Dhabi Plaza кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанадағы Abu Dhabi Plaza көпфункционалды кешені биылғы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының cәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлімет таратты.

Нысан Ақмешіт, Сығанақ және Түркістан көшелерінің бойында орналасқан.

Жер көлемі - 4,4613 гектар.

«Abu Dhabi Plaza» - Орта Азиядағы мұнара типіндегі ең ірі кешен саналады. Ол аумағы 500 мың шаршы метрден асатын бес ғимараттан құралған.

Ішіндегі ең биік мұнараның ұзындығы - 311 метр, 75 қабаттан тұрады.

Онда кеңселер мен тұрғын үй пәтерлері орналасады.

«Нысан биылғы жылдың соңында пайдалануға беріледі» деп мәлім етті басқарма.



Соңғы жаңалықтар