09:13, 29 Наурыз 2020 | GMT +6
Елордадағы 2 медициналық орталық карантинге жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Мейірім» медициналық орталығы мен Ұлттық онкологиялық орталық карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жедел штабтың Телеграмм парақшасына сілтеме жасап.
Осы аталған медициналық орталықта жатқан 3 жолаушыдан коронавирус анықталған. Қазіргі кезде науқастармен байланыста болғандар карантинге жабылды. Пациенттерге кіруге қатаң тыйым салынды.
Фото: astana.gov.kz