Елордада жылдың алғашқы үш айында 72 көлік өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жалға берілетін пәтерлерден өрт жиі шығады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке тұрғын үйлерде орын алған өрттердің 42,5 пайызы, яғни жартысына жуығы жалдамалы пәтерлерде, жалдамалы үй-жайларда тіркелген. Бұл өз кезегінде жалға алушының тұрып жатқан пәтерінің өрт қауіпсіздігі жағдайына немқұрайлы қарайтындығын көрсетіп отыр. Демек, жалға алушы жалға алынған тұрғын үйдің өрт қауіпсіздігі жағдайын ретке келтіруге мүдделі емес екендігін білдіреді», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылдың 1-тоқсанында елордада 72 көлік өрті тіркелген. Оның 69-ында өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

«Сонымен қатар өртке оранған техникалық құралдардың 68-і - 10 жылдан бастам уақыт бойы пайдаланып келе жатқан көліктер. Мұндай көліктер жыл сайын техникалық тексеруден өтуі тиіс. Сондықтан техникалық тексеруден өткізген кезде көліктің электр сымдарының қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіздер», - деді Еркін Отарғалымұлы.


Соңғы жаңалықтар