+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Елордада жоғалған балалар табылды

2021 жылғы 31 шілде 09:36
Бөлісіңіз:
Елордада жоғалған балалар табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен түнде елордада жоғалған балалар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды 2025 жылға дейін 259 мәдениет ошағы салынады – Бауыржан Байбек Павлодарда спорт мектебінің шатыры опырыла құлады

Баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, полицияның 102 нөміріне қала тұрғынынан 9 және 11 жастағы балаларының жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Осыған қарай елорда Полиция департаментінің жеке құрамы түгел балаларды іздеуге жұмылдырып, олардың баруы мүмкін барлық жер тексерілді. Елорда сақшылары қаланы жаяу шолып жүріп, балаларды 27 шілде күні тапты.

Кеше түнгі сағат 02:00-дер шамасында Нұр-Сұлтандағы Тархан көшесінде полиция қызметкері Нұржанғани Бүркіт із-түзсіз жоғалды деп жарияланған екі баланы байқап қалған.

Тәртіп сақшылары балаларды «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасына жеткізді.

Белгілі болғанындай, балалар күндіз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алдымен анасы балаларды өзі іздеп таппақ болған. Алайда өзінің әрекетінен нәтиже шықпаған соң ол келесі күні полицияға шағымданған.

Бұл әйел балаларының түнде үлкендердің қарауынсыз жібергені үшін осыған дейін де бірнеше мәрте әкімшілік жауапқа тартылған. Осыған қарай қазір бұл отбасы бақылауға алынды. Ал балалар аман-есен үйлеріне қайтты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, асырау және білім беру бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салады»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT