+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Елордада жеке такси жүргізушісінде коронавирус анықталды

2020 жылғы 9 сәуір 14:23
Бөлісіңіз:
Елордада жеке такси жүргізушісінде коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеке такси жүргізушісі коронавирус диагнозымен стационарға жатқызылды. Жақын байланыста болған адамдар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорда тұрғындарына аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді. Карантин режимі басталғаннан бері қалалық штаб ресми таксиге көліктерін күнде дезинфекциядан өткізуге талап қойды. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда тасымалдаушыларға айыппұл салынады.

Сонымен қатар, коронавирус тағы бір тұрғында расталды. 50-ден астам байланыста болған тұлғалар анықталды, олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус дертіне шалдыққандардың саны 223 адамға жетті.

9 сәуірдегі деректерге сәйкес 202 адам инфекциялық стационарда (10 адам Ақмола облысынан), 930 жақын байланыста болған адам үй карантинінде. Нұр-Сұлтан қаласында 30 адам коронавирустан емделіп шықты. Қалада барлығы 13 нысан карантинге жабылды. Олардың қатарында медициналық нысандар, жатақхана, №1 автобус паркі, тұрғын үй кешендерінің кіреберістері бар. 8 нысан карантиннен алынды.

Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында күн сайын әлеуметтік нысандарға, тұрғын үйлерге, аула аумақтарына, тротуарларға, базарларға, дүкендерге және т. б. дезинфекция жүргізіледі. Сонымен қатар, Комсомольский, Ильинка, Промышленный, Заречный, Интернациональный, Железнодорожников, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары дезинфекцияланып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT