Елордада жаяу жүргіншілер үшін ерекше бағдаршам іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жаяу жүргіншілер үшін ерекше бағдаршам іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы эксперимент ретінде жаяу жүргіншілер үшін бағдаршам дыбысын іске қосты.

«Бұл өзгеріс Бәйтерек монументінің маңайындағы Ақмешіт көшесі, Түркістан көшесі және Мәмбетов көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде қолданылды», - делінген хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар