Елордада жатақханада қалған колледж студенттеріне көмек көрсетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан қаласында колледжде оқитын 50 шақты студентке көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Олар карантин кезінде колледж жатақханасында қалып, қашықтан оқуын жалғастыруда. Аталмыш көмек студенттерді қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін флеш карта, роутер, азық-түлік түрінде көрсетілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақылы оқитын 1000-нан астам студент оқу ақысын төлей амайтындығын хабарлаған.

«Студенттер мемлекеттік стипендияларын ай сайын алып отыр. Оларға оқу ақысы тамыз айына дейін шегерілді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар