Елордада жастар TikTok-қа видео түсіру үшін көпірдің арқасына шығып кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында жастар TikTok әлеуметтік желісіне видео түсіру үшін көпірдің арқасына шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпара елорданың Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға 26 шілде күні таңертең 04:30-да болған. Полицияға Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің арқасына біреулердің өрмелеп бара жатқаны туралы куәгерлерден хабар келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Аталған факті расталды. Тәртіп сақшылары 19 және 21 жастағы елорданың үш тұрғынын ұстады. Олар Нұр-Сұлтан қаласының көрінісін қоса алып TikTok әлеуметтік желісінде ерекше видео түсіру үшін осындай әрекетке барғанын айтты», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

«Сарыарқа» ауданының Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тәртіп бұзушылармен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді. Абырой болғанда жастардың мұндай жөнсіз әрекеті қайғылы жағдаймен аяқталған жоқ.


Соңғы жаңалықтар