+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Елордада жастар қозғалысының халықаралық форумы өтті

2019 жылғы 22 қараша 16:23
Бөлісіңіз:
Елордада жастар қозғалысының халықаралық форумы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада «Сыр үміті» облыстық жастар форумы өтті Елордада «Jas Samuryq» жастар слеті өтіп жатыр Түлкібас ауданында «Жастар жалыны» атты студенттердің слеті өтті

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының кезекті форумын өткізудеміз. Бұл жиын Нұр-Сұлтан қаласы «Жаңғыру жолы» қозғалысының ұйымдастыруымен өтуде. Сондықтан қала әкімдігіне, қалалық «Жаңғыру жолы» белсенділеріне осындай жұмыстарыңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Мен бұл іс-шара қызықты және тиімді болатынына, жастардың ұсыныстары болашақта іске асырылатынына сенімдімін», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Осы орайда ол жастар қозғалысы ұйымдастырған жұмыстарға жеке тоқталды.

«2019 жыл - Жастар жылы. Осы бағытта ауқымды жұмыстар іске асырылды. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы жол картасын жүзеге асыру аяқталып келеді. Жыл бойында аталған қозғалыс 5 мыңнан астам адамды қамти отырып, 29 жобаның ұйымдастырушысы болды. Өңірлік деңгейде 200 мыңға тарта жастарды қамтып, 2 400 шамасында шаралар өткізілді», - деді Ж. Түймебаев.

Бұдан бөлек ол 2020 жылы Қазақстанда Волонтер жылы болатынын айта келе, елімізде еріктілердің ауқымды әлеуетін дамытуға екпін қойылатынын жеткізді.

«Біз өзіміздің жастарымызбен мақтан тұтамыз. Биыл Арыс қаласындағы туындаған қиын жағдай кезінде жастарымыз Ассамблеяның гуманитарлық акциясында белсенді болды. Сондай-ақ «Арыс, біз біргеміз!» жалпыұлттық акциясында да бар күш-жігерлерін салды», - деді Жансейіт Түймебаев.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бүгінде елордада жастардың саны 245 мыңнан асқанын, студенттер 82 мыңнан астам екенін айтты.

«Жастар жылында мемлекет тарапынан жастарға ерекше назар аударылып отыр. Осы орайда білім беру, еңбекке тарту бағытында жобалар іске асырылуда. Жұмыс істейтін жастарға 5 жылға сатып алу құқығынсыз 1050 пәтер беріледі. Бағдарлама алдағы үш жылда жалғасатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Бұл қозғалыс еліміз және қоршаған ортаға үлкен пайда әкеледі»,-деді әкімнің орынбасары.

Жалпы, форумның өткізілуі Тұңғыш Президент күні қарсаңымен және Жастар жылының аяқталуымен тұспа-тұс келді. Оның жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалық құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, көршілес елдердегі жастар көшбасшылары, елорда этномәдени бірлестіктері жастар қанатының мүшелері қатысты. Жастар диалогының негізгі тақырыптары - мемлекеттік жастар саясатына, негізгі оқиғалар мен Қазақстандағы Жастар жылының қорытындысына арналды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT