Елордада Жастар қанаты кубогы үшін қысқы спорт түрлерінен республикалық турнир өтеді

None
None
қпанның 11-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 12-інде елорданың орталық саябағында «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған республикалық желілік кестесін жүзеге асыру мақсатында «Жас Отан» ЖҚ жастар ұйымдарының арасында Жастар қанаты кубогы үшін қысқы спорт түрлерінен республикалық турнир өтеді.

Бұл ақпаратты аталған партияның баспасөз қызметі таратып отыр.

«Іс-шараның мақсаты - жастар көшбасшылары арасында командалық рухты күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындардың ауқымды бөлігін қысқы спорт түрлерімен айналысуға баулу, қала жастары арасындағы спорттық жарыстар ұйымы арқылы жастар ұйымдары мен қозғалыстарын біріктіру», делінген баспасөз хабарламасында.

Жарысқа қатысуға өз ықыластарын білдірген командалардың арасында Жастар конгресі, Қазақстан студенттерінің Альянсы, Жастар Мәжілісі, «Жасыл ел» жастар еңбегі және студенттік құрылыс отрядтарының республикалық штабы, Қазақстан Ауыл жастарының одағы, Ұлттық дельфийлік комитеті, «Динамо» спорт ұйымы, Астана қалалық ІІД Нашақорлықпен күрес жөніндегі басқармасы бар.

«Республикалық турнир үстіміздегі жылы ақпанның 12-інде, яғни Канаданың Ванкувер қаласында қысқы Олимпиада ойындары өтетін күнмен тұспа-тұс келуі бекер емес. Жас көшбасшылар спорттық іс-шаралардың тек жанкүйерлері ғана емес, белсенді қатысушылары бола алатындарын іспен дәлелдейді. Сондай-ақ олар қазірден бастап Қазақстанда алғашқы рет өтетін 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын жария етуде жұмыстар жүргізіп жатыр», деп нақтылай түскен хабарламада.

Соңғы жаңалықтар