Елордада және өзге екі қалада ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 12 желтоқсан күні 3 қалада ауа сапасының жағымсыз метеорологиялық ахуалы қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, сенбі күні Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Соңғы жаңалықтар