Елордада жаңа жылда 32 сәби дүниеге келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қаңтардың сағат 12:00-дегі дерегіне сәйкес елордада 32 бала дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік бөлімдерінде түнгі 00:00-ден қазіргі уақытқа дейін 16 қыз және 16 ұл бала дүниеге келді. Өткен жылмен салыстырғанда 8 балаға көп.

Елордада орта есеппен тәулігіне 30-35 бала туады.


Соңғы жаңалықтар