Елордада «Жаңа сын-қатерлер кезеңіндегі медиа» атты дөңгелек үстел өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі және Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық кеңсесінің қатысуымен «Жаңа сын-қатерлер кезеңіндегі медиа» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл кездесудегі басты мақсат - Қазақстандағы сөз еркіндігінің дамуына ықпал ету. Мен тілшілердің еркіндігі мен құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты кез келген мәселені белсенді түрде қолдаймын. 2019 жылғы көрсеткішке сәйкес, Қазақстан сөз еркіндігі бойынша әлем елдері арасында 158-орында тұр. АRTICLE 19 жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында сөз еркіндігін кеңейтуге бағытталған», - дейді Ұлыбритания елшісінің орынбасары Джонатан Лэйфилд.

Шара барысында ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру жолдары талқыланды.

«Біздің алдымызда БАҚ туралы заңнамаға реформа жасау міндеті тұр. Ең алдымен ақпаратты қабылдау туралы стероетиптерді өзгертуіміз керек. Біз БАҚ туралы және сөз еркіндігіне кепілдік беру туралы заңдар концепциясын ұсынамыз. Оны реформа жасаудың бір нұсқасы ретінде ұсынамыз», - дейді «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғайтын халықаралық қордың президенті Тамара Калеева.


Соңғы жаңалықтар