Елордада жаңа бас санитария дәрігері тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігері және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаеваға сілтеме жасап.

Сархат Бейсенова 2020 жылдың мамыр айында декрет демалысына кеткенге дейін елорданың бас санитария дәрігері қызметін атқарған. Одан кейінгі уақытта осы лауазымда Жанна Пірәлиева істеді. Қазір Жанна Пірәлиева департамент басшысының эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде.


Фото/ elorda.info


Соңғы жаңалықтар